PRO HOKEI LIGASY жаңалықтары

6 qyrkúıek
1475

PRO HOKEI LIGASY-ның клубтары түгелдей дерлік маусымалды дайындыққа кірісіп кетті. ҚХФ баспасөз қызметі өткен маусымның ең елеулі оқиғалары туралы жарияланымдар топтамасын бастайды.

ИИХФ Құрлықтық кубоктан бас тартты

ИИХФ кеңесіCOVID-19 бойынша сарапшылар тобының ұсынымдарына құлақ асып, пандемияның жалғасуына байланысты 2020-21 жылдардағы Құрлықтық кубокты өткізбейтін болды. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанды аталмыш турнирде соңғы екі жылда ҚР Кубогын иеленген өскемендік «Алтай Торпедо» таныстыруы тиіс болған.

"Құлагер" жаңа директорын таныстырды

Руслан Есеналин —«Құлагердің» жаңа директоры. Петропавлдық клубтың бапкерлер құрамы, ойыншылары мен персоналы жаңа басшысымен танысты. Бұл қызметті бұрынғы спортшы, ҚР еңбек сіңірген бапкері Руслан Есеналин иеленді. Оның тікелей қатысуымен «Құлагер» хоккей клубы құрылып, Александр Винокуров атындағы спорт сарайының мұз айдыны салынған болатын.

"Горняктың" жаңа аға бапкері

Алексей Горлов «Горняктағы» Сергей Невструевтің бапкерлер құрамына кірді. Бұл қызметке Сергей Невструевтің бапкерлер құрамына кірген Алексей Горлов тағайындалды. Қарағандылық мектептің өкілі ойыншы кезінде «Қазақмыс», теміртаулық ЦСКА және алматылық «Еңбек» атынан өнер көрсеткен болатын. Бапкер ретіндегі қызметін «Теміртауда» бастады.

Ауысулар

Андрей Буяльский алдағы маусымды «Алматы» құрамында өткізеді. Аптаның басты ауыс-түйісі – Андрей Буяльскийдің «Сарыарқа» жүйесінен «Алматыға» өтуі болды. Болашағы зор шабуылшы алғаш рет өз күшін басқа командада сынап көреді. Айтқандай, ол тәжірибелі ойыншылар Алексей Ефимовпен және Илья Ковзаловпен бір звенода ойнап, екіжақты кездесуде көзге түсіп үлгерді. Басқа ауысулардан алдағы маусымда «Бейбарыста» өнер көрсететін шабуылшы Илья Серёгиннің Қазақстан чемпионатына оралуын атап өтуге болады. Бақылау матчтарының нәтижелері 25.08.2020 "Сарыарқа" – "Торпедо" 1:2 Б 29.08.2020 "Номад" – "Теміртау" 2:4 01.09.2020 "Құлагер" – "Теміртау" 3:2 02.09.2020 "Құлагер" – "Теміртау" 5:0

«Номадқа» қарсы матчта Михаил Потапов ойын уақытының 11 минуты ішінде тамаша хет-трик жасады, оның үстіне «Теміртау» шабуылшысы екі шайбаны азайған құраммен салды. Михаил Потапов — маусымалды кездесудің алғашқы хет-тригінің авторы "Сарыарқа", "Құлагер", "Алматы" және "Барыс" хоккей клубтарының суреттері пайдаланылды