Хумо – Горняк сериясы алдында

16 aqpan
448

Хоккейден Қазақстан чемпионатының алдағы ширекфиналдық жұптары туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырамыз.

«Хумо» (3) – «Горняк» (6)

Жеңістер/ұпайлар: 27/58 – 20/46

Тұрақты чемпионаттағы салынған/өткізілген шайбалар: 128/88 – 143/120

Тұрақты чемпионаттағы үздік бомбардир: Вадим Кравченко (16+22) – Валерий Гурин (22+32)

Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектер: 4:3, 2:5, 1:5, 5:0

Жекпе-жек матчтардағы үздік бомбардир: Вадим Краченко (2+3) – Владимир Кротов (3+1)


Тұрақты чемпионатта қарсыластар негізгі уақытта екі жеңістен жетті.

Тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша алтыншы орынды иеленген «Горняк» барлық командалар арасынан нәтижелілік бойынша екінші орынды иеленді (143 шайба салынды). Көшбасшы «Арлан» небәрі үш голға артық салды.

Ал «Хумо» нәтижелілік тұрғысынан бесінші және алтыншы орынды «Алматымен» бөлісті (128 шайба).

«Горняктың» форварды Валерий Гурин (22+32) – аяқталған тұрақты чемпионаттың үздік бомбардирі. Ол 50 ұпайлық межеден асқан жалғыз ойыншы. Ең нәтижелі ойыншылар тізімінде екінші орынды рудныйлықтардың тағы бір өкілі Оскар Юлбарисов иеленді (18+30). 


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.