Хоккейден Қазақстан чемпионатының алдағы ширекфиналдық жұптары туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырамыз.
«Торпедо» (2) – «Ақтөбе» (7)
Жеңістер/ұпайлар: 28/58 – 17/38
Тұрақты чемпионаттағы салынған/өткізілген шайбалар: 133/79 – 110/123
Тұрақты чемпионаттағы үздік бомбардир: Андрей Лагунов (13+15) – Стас Петросян (8+28)
Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектер: 2:0, 4:1, 3:0, 3:5
Жекпе-жек матчтардағы үздік бомбардир: Андрей Лагунов (2+2) – Стас Петросян (2+0)
Тұрақты чемпионаттағы төрт матчтың үшеуі өскемендік ұжымның пайдасына шешілді.
«Торпедо» қорғаныстағы ойын бойынша тұрақты чемпионатта екінші нәтиже көрсетті (пассивте 79 шайба), команда осы көрсеткіш бойынша көшбасшы «Арланнан» бір ғана голға артық өткізген.
Бұл көбіне-көп тойтарылған соққылар пайызы (94,3) бойынша чемпионаттың үздік қақпашысы атанып, сенімділік коэффициенті бойынша топ-2-ге кірген (1,7) тәжірибелі ойыншы Андрей Янковтың тамаша ойынының арқасында мүмкін болды.
Стас Петросян 28 паспен лиганың үздік ассистенттері бәйгесінде үшінші орынды иеленді. Владислав Арбузов (8+17) тұрақты чемпионаттың ең нәтижелі қорғаушыларының үштігін тұйықтады.
Андрей Лагунов «арландық» Владислав Никулинмен кем құраммен салынған шайбалар бойынша (3) біріншілікті бөлісті.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.