Аптаның ауыс-түйістері

12 aqpan
798

​Қосымша өтінім берудің ресми кезеңі аяқталғанша болған ауыс-түйістерге тоқталайық. Еске саламыз, әрі қарай алғашқы сегіздіктегі командалар плей-оффқа өтпеген ұжымдардан өткен тағы екі ойыншыдан қосуға құқылы.

Қосымша өтінім берудің ресми кезеңі аяқталғанша болған ауыс-түйістерге тоқталайық. Еске саламыз, әрі қарай алғашқы сегіздіктегі командалар плей-оффқа өтпеген ұжымдардан өткен тағы екі ойыншыдан қосуға құқылы.

Тұрақты чемпионат жеңімпазы «Арлан» «Құлагерден» форвард Александр Своеволинді жалға алып, қорғаушы Денис Недилькомен жаңа келісімшарт жасасты. Дәл солай жалдау құқығымен петропавлдық клубтан «Алматыға» Станислав Рангаев, «Торпедоға» Батыр Марқабаев, «Ақтөбеге» Ранис Миргалиев өтті. «Горняктан» «Ақтөбеге» форвард Анатолий Шишов өтті.

«Хумо» бірден үш ойыншымен келісім жасасқанын жария етті. Ташкенттіктер сапын Дмитрий Шуленин, өзбекстандық команда үшін бұған дейін ойнаған Егор Дорофеев, сондай-ақ Қазақстан құрамасының шабуылшысы Андрей Буяльский толтырды.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.