Данил Парамонов – Қазақстан чемпионатының апта ойыншысы

10 aqpan
470

1xBet Pro Hokei Ligasy-ның 20-шы ойын аптасын қорытындылайық.

Екінші апта қатарынан апта ойыншысы – өзінің жеңіс сериясын жалғастырып, тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша өзіне бірінші орынды алып қойған «Арлан» өкілі. Өткен кезеңде көкшетаулықтар қатарынан үш матч жеңді, ал Данил Парамонов бұл матчтарда +4 пайдалылық көрсеткішімен 7 (5+2) балл жинады. Оның бір голы командаға жеңіс сыйлады. Бұл ретте форвард тамаша дәлдік көрсетті – оның соққыларының 45,45%-ы мақсатына жетті. Дәл қазір Парамонов чемпионаттың ең нәтижелі ойыншыларының үштігіне енді.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.