Сейсенбіге Қазақстан чемпионатында екі матч жоспарланды.
«Торпедо» тәртіпті бұзғаны үшін рудныйлық қарсыластың сазайын берді және биылғы маусымдағы негізгі уақыттағы 20-шы жеңісіне қол жеткізді. Үш шайбаның үшеуін де өскемендіктер артық құраммен салды – Илья Кляузов дубль жасады, тағы бір дөп соққы Никита Колобовтың есебінде. Андрей Янков қақпаға бағытталған 20 соққыға тойтарыс берді.
«Торпедо» - «Горняк» 3:1 (1:0, 1:1, 1:0)
1:0 - 19:36 - Кляузов (Колобов, Рунов) ГБ
1:1 - 23:57 - Барабаш (Кротов, Власкин)
2:1 - 33:38 - Колобов (Сулимов, Рунов) ГБ
3:1 - 47:36 - Кляузов (Янков, Олендаренко) ГБ
Қақпашылар: Янков - Нурек
«Арлан» мен «Ертістің» екінші кездесуінің ортасында таблодағы есеп тең болды. Алайда әрі қарай павлодарлықтардың іс-қимылы қиыс кетті, мұны қарсылас ұтымды пайдаланып, қатарынан бес нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Қарсыласты екі реттен Владимир Боровков пен Данил Парамонов күйіндірді.
«Арлан» - «Ертіс» 9:4 (3:4, 2:0, 4:0)
1:0 - 03:24 - Парамонов (Архипов, Санников)
1:1 - 05:26 - Билимбаев (Жабунин)
1:2 - 13:01 - Абдрашитов (Томилов, Маслов)
1:3 - 13:29 - Жданов
2:3 - 16:02 - Боровков (Никулин, Волков)
3:3 - 16:52 - Хорошев (Архипов, Санников)
3:4 - 17:43 - Акпирганов (Жабунин)
4:4 - 29:51 - Беляев (Кисель, Ибраев)
5:4 - 38:10 - Парамонов (Архипов, Боровков)
6:4 - 45:19 - Гопиенко ГМ
7:4 - 57:05 - Архипов (Санников, Хорошев) ГБ
8:4 - 58:05 - Волков (Кураков, Никулин)
9:4 - 58:14 - Боровков (Волков)
Қақпашылар: Габдуллин (Мейдер, 13:29-57:05) - Нечвиенко
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.