Сәрсенбі күні Қазақстан чемпионатында үш матч өтті.
«Арлан» «Ертісті» сенімді түрде жеңді. Көкшетаулықтар екпінді арттырып отырып, қарсыласқа бір шайбадан артық салдырмады. Артық құраммен көзге түскен Леонид Беляев «көкжалдардың» биылғы тұрақты чемпионаттағы жүзінші голының авторы атанды.
«Арлан» - «Ертіс» 6:1 (1:0, 2:1, 3:0)
1:0 - 07:49 - Буйван (Волков, Михайлов)
2:0 - 33:24 - Парамонов (Бейсембиев, Басов)
3:0 - 35:15 - Никулин (Боровков, Михайлов) ГБ
3:1 - 37:18 - Мусалимов (Гебель, Данилов)
4:1 - 42:27 - Кураков (Бейсембиев, Беляев)
5:1 - 47:23 - Хорошев
6:1 - 56:27 - Беляев (Буйван) ГМ
Қақпашылар: Габдуллин - Нечвиенко (Челайдюк, 47:23-60:00)
«Хумо» түзде «Ақтөбені» «құрғақ» жеңді. Ташкенттіктерге Эдгарс Сиксна мен Вадим Кравченконың дөп соққылары, сонымен қатар Константин Козловскийдің орындауындағы 28 сейв жеңіс әкелді. Осы жеңісінен кейін Дмитрий Катаевтің ойыншылары лиганың турнир кестесінде бірінші орынға шықты.
«Ақтөбе» - «Хумо» 0:2 (0:1, 0:1, 0:0)
0:1 - 10:12 - Сиксна (Кравченко, Фазлеев) ГБ
0:2 - 28:52 - Кравченко (Литовченко, Сиксна)
Қақпашылар: Ершов - Козловский
«Алматы» «Бейбарыспен» екінші кездесудің барысында екі рет төрт (!) шайбалық алшақтықты жойды және нәтижесінде овертаймда жеңіске жетті. Қонақтардың үш нәтижелі шабуылына Егор Кожевников (1+2) қатысты. Атыраулықтар құрамынан Даниил Свинтальский дубль жасады.
«Бейбарыстың» жеңілісінен кейін плей-оффқа жолдаманы турнир кестесінің төменгі бөлігіндегі қарсыластарын шаң қаптырған «Горняк» алды.
«Бейбарыс» - «Алматы» 5:6 ОТ (2:0, 2:0, 1:5, 0:1)
1:0 - 06:13 - Каргин (Гасников, Дыньков)
2:0 - 13:29 - Гасников (Свинтальский, Гатин) ГБ
3:0 - 28:24 - Свинтальский (Каргин, Гатин)
4:0 - 36:16 - Фальковский ШБ
4:1 - 42:19 - Туник (Кожевников) ГБ
5:1 - 44:47 - Свинтальский (Гасников, Гатин)
5:2 - 49:33 - Атаханов (Бурделёв, Жульдиков)
5:3 - 52:02 - Кожевников (Хоменко, Алламов)
5:4 - 52:08 - Данилкин
5:5 - 56:41 - Валиев (Анисимов, Кожевников)
5:6 - 64:08 - Жульдиков (Хоменко, Бурделёв)
Қақпашылар: Микушин (Фанайлов, 52:08-64:08) - Портер (Акулинин, 20:00-64:08)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.