Сейсенбіге Қазақстан чемпионатында екі матч жоспарланды.
«Хумо» түзде «Ақтөбенің» арынын басты. Ташкенттіктер әрбір кезеңде бір голдан салып, қорғаныста мығым ойнады. Жеңіс шайбасының авторы – бүгін өз командасының барлық нәтижелі шабуылдарына қатысқан Вадим Кравченко. Қонақтардың қақпашысы Глеб Моисеев қақпаға бағытталған 24 соққыға тойтарыс берді. Осы жетістігінен кейін Дмитрий Катаевтың ойыншылары қайтадан турнир кестесіндегі екінші орынға оралды.
«Ақтөбе» - «Хумо» 1:3 (0:1, 1:1, 0:1)
0:1 - 07:16 - Фазлеев (Кравченко, Литовченко)
1:1 - 33:00 - Петросян (Исмагилов, Попитич)
1:2 - 37:33 - Кравченко (Фазлеев, Боровиков)
1:3 - 46:46 - Сиксна (Кравченко, Буяльский) ГБ
Қақпашылар: Костюков - Моисеев
«Бейбарыс» пен «Алматы» жеңімпазды буллиттер сериясында ғана анықтады. Қарсыластар негізгі уақытта Альберт Гатин мен Артур Данилкиннің орындауындағы шайбалармен алмасты. Оңтүстікастаналық ұжым үшін Ян Хоменконың соққысы жеңіс сыйлады. Қонақтардың қақпашысы Антон Осокиннің есебінде 36 сейв бар. Бүгінгі ойын күнінің қорытындысы бойынша «Алматы» Pro Ligasy-ның биылғы маусымдағы плей-оффына ресми түрде жолдама алды.
«Бейбарыс» - «Алматы» 1:2 Б (0:0, 1:1, 0:0, 0:0, 0:1)
1:0 - 25:11 - Гатин (Федоров) ГБ
1:1 - 32:31 - Данилкин
1:2 - 65:00 – Хоменко ПБ
Қақпашылар: Микушин - Осокин
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.