Алтай Торпедо мен Арлан қарымта қайтарды, Теміртаудың Алматыға тісі батпады. 11 қаңтардағы матчтарға шолу

11 qańtar
1214

«Алтай Торпедо» «Горняктан» қарымта қайтарды. «Алматы» биылғы маусымда төртінші рет «Теміртауды» жеңіп кетті. Петуховтың хет-тригі «Номадты» «Арланға» қарсы матчта жеңілістен құтқара алмады.

«Алматы» биылғы маусымда «Теміртауды» төртінші рет жеңді. Бұл жолы Роман Козловтың командасы 31 соққыға тойтарыс берген Максим Грязновтың қақпасын ала алмады.

«Алматы» – «Теміртау» 3:0 (2:0, 0:0, 1:0)

1:0 - 14:24 - Ипатов

2:0 - 16:21 - Бурделев (Клемешов, Бельгибаев)

3:0 - 58:44 - Спиридонов (Ананьин, Ипатов) ПВ

Қақпашылар: Грязнов – Селиверстов (57:48 – 58:44 ПВ)

«Номад» пен «Арлан» арасындағы ойын үлкен тартыспен өтті. Нәтижесінде Егор Петуховтың хет-тригі ойынды овертаймға айналдырды. Алайда матчта жеңісті көкшетаулық ұжым жұлып әкетті.

«Номад» - «Арлан» 4:5 ОТ (2:0, 0:2, 2:2, 0:1)

1:0 - 02:40 - Петухов (Данияр Сн., Данияр См.)

2:0 - 19:51 - Назаренко (Рунов) ГБ

2:1 - 31:08 - Евграфов (Демагин, Ермолаев)

2:2 - 39:42 – Ермолаев

2:3 - 40:18 - Боровиков (Шитиков, Маркелов) ГБ

2:4 - 41:49 - Бердников В. (Маркелов, Боровиков) ГБ

3:4 - 43:24 - Петухов (Данияр Сн., Некряч)

4:4 – 59:52 – Петухов (Муратов)

4:5 – 62:54 – Куликов (Колесников, Сметанин)

Қақпашылар: Каратаев - Демидов

«Алтай Торпедо» өзінің жеті матчқа созылған жеңілістер сериясын тоқтатты. «Горнякпен» екінші кездесу тартысты өтті. Алайда Досжан Есіркеновтің ойыншылары дегенмен мақсаттарына жетті.

«Алтай Торпедо» – «Горняк» 3:2 (0:0, 2:1, 1:1)

1:0 – 21:14 – Джангазинов

1:1 – 29:47 – Ахметвалиев (Москалев, Лобанов)

2:1 – 32:42 – Худяков (Подшивалов) ГМ

3:1 – 46:22 – Хоменко (Михайлов, Караваев) ГБ

3:2 – 52:22 – Юлбарисов (Садиков) ГБ

Қақпашылар: Мейдер – Нечвиенко (Акулинин 32:42 -60:00)