Вадим Кравченко: «Осы қалыптан таймаймыз деп үміттенем»

5 qańtar
519

Желтоқсан айының үздік шабуылшысы Вадим Кравченко «Хумоның» баспасөз қызметіне берген сұхбатында өткен айды қорытындылап, алдағы кезеңге қойған мақсаттарымен бөлісті.

Желтоқсан айының үздік шабуылшысы Вадим Кравченко «Хумоның» баспасөз қызметіне берген сұхбатында өткен айды қорытындылап, алдағы кезеңге қойған мақсаттарымен бөлісті.

- Вадим, аталмыш кезеңді екпінді өткізуге не ықпал етті?

- Қазір команданың, оның ішінде менің де физикалық бабым жақсы деңгейде, бұл желтоқсан айында өзімді көрсетуге көмектесті.

- Сіз үшін жеке марапат алу қаншалықты маңызды?

- Әрине, көңілді жылытады. Алайда хоккей – командалық спорт түрі. Сондықтан командалық марапат алу әлдеқайда жағымды.

- Команданың бірден үш ойыншысы желтоқсанда үздік атанды, бұл командалық мотивацияға қосымша ықпал ете ме?

- Мұндай нәтижеге тұтас команданың жұмысының нәтижесінде қол жетеді. Осы қалыптан таймаймыз деп үміттенем.

- Алда плей-офф алдындағы қорытынды кезең келе жатыр, команданың және жеке сіздің алдыңызда бұл айға қандай мақсаттар қойылып отыр?

- Мақсат-міндет көп, Еуро-Азия Достық кубогін жеңіп, оны Ташкентке әкелгіміз келеді. Әрі қарай Pro Hokei Ligasy-ның турнир кестесінде мүмкіндігінше жоғары көтерілгіміз келеді.

- Жанкүйерлерге не тілейсіз?

- Барлық хоккейсүйер қауымды және «Хумоның» жанкүйерлерін Жаңа жылмен құттықтаймын. Жыл табысты болсын, денсаулық, шат көңіл тілеймін!


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.