Қазақстан чемпионатының бірінші бөлігі аяқталды. Pro Ligasy командалары плей-офф үшін тартысты жаңажылдық демалыстан кейін жалғастырады. Ал біз әзірге ағымдағы қорытындыны шығарайық.
Чемпионаттың турнир кестесінде «Торпедо» көш бастап тұр, ол 30 матчтың 21-інде жеңіске жетті және екі ойында негізгі уақыттан тыс жеңіліп ұпай жинады. Өскемендіктердің есебінде 44 балл бар.
Әлі алдында өткізетін төрт матчы бар «Арлан» небәрі үш балға артта келе жатыр. Команда жоғалтқан ұпайлары бойынша лиганың көшбасшысы болғанына қарамастан, іс жүзінде екінші қатарда тұр. Бұл ретте көкшетаулықтар – қорғаныстағы ойын бойынша маусымның ең сенімді командасы (пассивте 56 шайба бар).
Үздіктер үштігін есебінде 41 балы бар «Хумо» тұйықтайды. Ташкенттіктер айды жақсы өткізіп, 20 ұпайдың 15-ін жинады.
Чемпионат басында сүрініп, енді плей-оффқа шықпай қалу қаупі төніп тұрған «Бейбарыстың» оныншы орны көпшілік үшін күтпеген жағдай. Атыраулықтарды сегіздіктен 11 ұпай бөліп тұр. Сондай-ақ кубоктік сегіздікке дәл қазір «Құлагер» мен «Ертіс» жете алмай отыр.
«Горняк» – бүгінгі таңда чемпионаттың ең нәтижелі ұжымы (107 шайба). Рудныйлықтар осыған қарамастан алтыншы орында. Желтоқсанда Сергей Невструевтің ойыншылары қатарынан жеті матчта жеңіске жетіп, команда олардың әрбірінде үш голдан артық салып отырды.
Осыдан келесі жайт туындайды – «Горняктың» бірден екі ойыншысы чемпионаттың үздік бомбардирлері тізімінде ең жоғары орында тұр. Валерий Гуринде 18+24, Оскар Юлбарисовта 15+25 ұпай. Және чемпионатта осы ойыншылар ғана 40 ұпайлық межеге жетті.
Лиганың бомбардир-қорғаушылары көшін «алматылық» Станислав Тунхузин бастайды (4+17). Одан бір ғана балға «Сарыарқа» өкілі Дмитрий Стулов (8+20) қалып келеді.
Қақпашылардан үздік – талмайтын Андрей Янков. «Торпедоның» тәжірибесі мол голкипері әрбір матчта соққылардың 93,6%-ына тойтарыс беріп, 2 шайбадан өткізді.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.