Алматы биылғы маусымда Теміртауды үшінші рет жеңді, Номад пен Горняк олжалы қайтты. 10 қаңтардағы матчтарға шолу

10 qańtar
1179

«Алматы» «Теміртауды» жеңіп кетті. «Номад» «Арланға» қарсы матчта сенімді түрде жеңіске жетті. «Горняк» «Алтай Торпедоның» қақпасына алты шайба аттандырды.

«Алматылықтар» бірінші кезеңді сәтті өткізіп, «Теміртаумен» матчты жеңіспен аяқтады. Қақпашы Максим Грязнов 31 соққыға тойтарыс беріп, кездесудің басты қаһармандарының біріне айналды.

«Алматы» – «Теміртау» 3:1 (2:0, 1:0, 0:1)

1:0 - 06:34 - Наместников (Качулин) ГБ

2:0 - 08:42 - Бурделев (Клемешов)

3:0 - 37:46 - Моренец (Волков, Яхонт) ГБ

3:1 - 49:39 - Цуриков (Демин, Москалев) ГМ

Қақпашылар: Грязнов - Еремеев

Ойын күнінің басты кездесуінде «Номад» «Арланды» сенімді түрде жеңді. Александр Высоцкийдің командасы үшін екінші кезең табысты болып, көкшетаулықтардың қақпасына үш шайба аттанды.

«Номад» - «Арлан» 6:1 (0:0, 3:0, 3:1)

1:0 - 25:51 - Шалапов (Крамарь) ГБ

2:0 - 29:32 - Пархоменко (Зубов, Муратов)

3:0 - 38:57 - Петухов (Данияр См., Данияр Сн.)

4:0 - 50:41 - Рунов (Яковлев, Пелевин)

4:1 - 51:44 - Демагин (Евграфов, Александров)

5:1 - 56:09 - Данияр Сн. (Петухов, Гурков)

6:1 - 58:46 - Гатиятов (Данияр См.) ПВ

Қақпашылар: Крамарь – Румянцев

«Горняк» «Алтай Торпедомен» кездесудің әрбір кезеңінде екі шайбадан салды. Матч нәтижесі бойынша рудныйлықтар ірі есеппен жеңіске жетті. Осылайша, «Горняк» кубоктық сегіздікке енуден үмітті. Владислав Власов дубль жасады.

«Алтай Торпедо» – «Горняк» – 1:6 (0:2, 0:2, 1:2)

0:1 – 03:33 – Власов (Воронин)

0:2 – 08:27 – Бархаткин (Власов, Воронин)

0:3 – 27:22 – Власов (Бархаткин, Садиков) ГБ

0:4 – 30:06 – Сошников (Штефан)

0:5 – 42:21 – Ахметвалиев (Куршук, Муравьев)

1:5 – 49:06 – Караваев (Обрядин, Линник) ГБ

1:6 – 55:55 – Ахметвалиев (Козорев, Муравьев)

Қақпашылар: Нурек - Нечвиенко