Хоккейден Қазақстан чемпионаты екі матчпен жалғасады.
«Номадтың» жеңіліс сериясы жалғасын тапты – «көшпенділер» өз құрамын айтарлықтай жасартқалы бері өз ойын өрнегін таппай келеді және қатарынан сегізінші рет жеңіліске ұшырады. Оңтүстікастаналық ұжым құрамынан Ян Хоменко мен Артём Бурделёв екі реттен көзге түсті. Осы жеңісінен кейін «Алматы» турнир кестесінде төртінші орынға шықты.
«Номад» - «Алматы» 2:5 (0:2, 1:1, 1:2)
0:1 - 09:19 - Кожевников
0:2 - 10:08 - Хоменко (Гусейнов)
0:3 - 27:20 - Бурделёв (Штефан)
1:3 - 30:04 - Данияр (Цыбин, Лукавенко)
1:4 - 53:27 - Хоменко (Тарасов, Бурлака)
2:4 - 55:13 - Цыбин (Бойко)
2:5 - 59:38 - Бурделёв ПВ
Қақпашылар: Калмыков - Осокин
«Ақтөбе» «Құлагерден» қарымта қайтарды. Алаң иелері үшін жеңіс шайбасының авторы – Леонид Беляев. Матвей Ершовтың есебінде 35 сейв бар. Петропавлдықтармен текетіресте жинаған үш балының арқасында Александр Поляковтың ойыншылары алтыншы орынға орналасты.
«Ақтөбе» - «Құлагер» 3:2 (2:0, 1:1, 0:1)
1:0 - 14:44 - Петросян (Ершов)
2:0 - 18:03 - Митряков (Комаров)
2:1 - 23:24 - Своеволин
3:1 - 32:59 - Беляев (Двуреченский, Сошников)
3:2 - 41:48 - Рангаев (Бабинцев)
Қақпашылар: Ершов - Каратаев
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.