Қазақстан чемпионатының Ақтөбе мен Ташкенттегі матчтарын бақылаймыз.
«Құлагермен» үйдегі алғашқы матч барысында «Ақтөбе» есеп бойынша үш шайба артта қалып келе жатты, алайда алаң иелері есе қайтарып қана қоймай, ойынды овертаймға айналдырды. Десе де, қосымша бес минутта петропавлдықтар өз дегеніне жетіп, сегіздіктен алшақтықты бір ұпайға дейін қысқартты. Шешуші соққының авторы – дубль жасаған Максим Кунишников. Сондай-ақ қарсыласты екі рет Александр Своеволин састырды.
«Ақтөбе» - «Құлагер» 4:5 ОТ (0:2, 2:2, 2:0, 0:1)
0:1 - 09:09 - Кунишников (Ананичев, Ананичев) ГБ
0:2 - 15:22 - Своеволин (Муканов)
1:2 - 22:05 - Митряков (Комаров)
1:3 - 25:29 - Своеволин (Недилько, Муканов)
1:4 - 29:12 - Ищенко (Маркабаев, Рангаев) ГБ
2:4 - 35:39 - Гайсин (Петросян, Арбузов) ГБ
3:4 - 53:53 - Потапов (Петросян, Арбузов) ГБ
4:4 - 58:47 - Комаров (Огиенко)
4:5 - 64:25 - Кунишников (Недилько)
Қақпашылар: Скрынник (Костюков, 30:55-58:00, 58:47-64:25) - Каратаев
«Хумо» «Торпедодан» қарымта қайтарды. Ташкенттіктерге екі рет артық құрам ұйымдастырып, сондай-ақ матч соңында өскемендіктердің бос қақпасын алған, осылайша хет-трик жасаған Данила Карабаньның дөп соққылары жеңіс әкелді. Алаң иелерінің қақпашысы Константин Козловский өз есебіне 15 сейв жасады.
«Хумо» - «Торпедо» 4:1 (0:0, 2:1, 2:0)
1:0 - 22:36 - Карабань (Литовченко, Малышев) ГБ
2:0 - 28:11 - Карабань (Гренц) ГБ
2:1 - 34:51 - Шапорев (Зубов, Александров) ГБ
3:1 - 43:51 - Литовченко (Кравченко)
4:1 - 58:29 - Карабань (Козловский, Боровиков) ПВ
Қақпашылар: Козловский - Пестов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.