Бейбарыс пен Торпедо үш балдан жинады. 8 қаңтардағы матчтарға шолу

8 qańtar
1284

«Бейбарыс» түзде өткен жаңа жылдың алғашқы матчында «Ертісті» сенімді түрде жеңді. «Торпедо» «Ақтөбенің» арынын басты.

«Бейбарыс» «Ертіске» қарсы түзде өткен ойынында бес нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Осының арқасында сенімді түрде жеңіске жетті. Бұл атыраулықтардың қатарынан келе жатқан жетінші жеңісі. Павлодарлықтар керісінше техникалық жеңілістерді қосқанда, жетінші рет қатарынан жеңіліске ұшырап отыр.

 «Ертіс» - «Бейбарыс» 2:5 (1:2, 1:2, 0:1)

0:1 – 07:33 – Рыжих (Воробьёв, Ишмаметьев) ГБ

1:1 – 12:30 – Зыков (Путилов, Волгин) ГБ

1:2 – 19:34 – Гевель (Гарифулин, Закарлюкин) ГБ

1:3 – 24:43 – Курепанов (Воробьёв, Старцев) ГБ

2:3 – 32:08 – Машинец (Чемерилов) ГБ

2:4 – 37:39 – Дыньков (Петров, Васильев)

2:5 – 54:13 – Дыньков (Ананичев Ар., Ананичев Ал.) ГБ

Қақпашылар: Полошков – Иванов 

Өскемендегі матчта командалар итжығыс түсті. Дегенмен лиганың фавориты «Торпедо» жеңісті жұлып әкетіп, бірінші орын үшін тайталаста өкшелеп қуып келе жатқан қарсыластарынан алға ұзап кетті.

«Торпедо» - «Ақтөбе» 2:1 (1:0, 1:0, 0:1)

1:0 – 09:02 – Кузнецов (Тымченко, Левицкий)

2:0 – 39:16 – Савицкий (Шин, Виноградов)

2:1 – 44:06 – Зинченко (Амиров)

Қақпашылар: Шутов – Мальгин