Көкшетаулықтардың Словакиядағы турнирдегі екінші қарсыласы – италиялық «Риттнер».
«Арлан» ойын барысында үстемдікке ие болды, алайда қарсыластың қақпасын ұзақ уақыт бойы ала алмады. Бірінші кезеңде-ақ көкшетаулықтар қарсы қақпаға 21 соққы бағыттады. Ал 28-ші минутта алаңның шартты иелері тіпті есеп ашты. Десе де, қазақстандық ұжым екі сәтін ұтымды пайдалана білді және екеуін де Владимир Боровков жүзеге асырды. Қақпашы Тимур Мейдер 21 сейв жасады.
Екі матчта Владимир Маркеловтың ойыншылары төрт балл иемденді. Бұл нәтиже біздің ойыншыларға Құрлықтық кубоктің финалдық бөлігінен үміттенуге мүмкіндік береді. Ертең «Арлан» «Кардифф Девилзбен» ойнайды.
«Риттнер» - «Арлан» 1:2 (0:0, 1:1, 0:1)
1:0 – 27:11 – Зыпула (Кульетта)
1:1 – 33:00 – Боровков (Хорошев)
1:2 – 45:07 – Боровков
Қақпашылар: Фурлон – Мейдер
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.