Турдың қаһарманы – Вячеслав Ипатов

8 qańtar
1506

ҚХФ баспасөз қызметі PRO HOKEI LIGASY-ның ерекше көзге түскен ойыншылары туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.

Өткен кезеңнің үздік ойыншысы ретінде «Алматының» шабуылшысы Вячеслав Ипатов танылды. «Горнякпен» өз алаңындағы ойынның қорытындысы бойынша оңтүстік астаналық ұжым алты ұпай жинады. Бұл ойындарда 44-ші нөмірлі ойыншы үш шайба салды.

Бірінші кездесуде ол ойынның жетінші минутында-ақ түбегейлі есепті орнатты. Екінші матчтың екінші кезеңінде Ипатов дубль жасады.

Екі жеңістің арқасында Владимир Князевтің ойыншылары турнир кестесінде «Горнякты» басып озып, чемпионат кубогына таласатын сегіздікке енді.