Теміртаудың, Арлан мен Алматының екінші жеңісі. 7 қаңтардағы матчтарға шолу

7 qańtar
1555

«Теміртау» Өскеменнен бес балмен қайтты. «Арлан» «Снежные Барсы» командасын ойсырата жеңді. «Алматы» екінші рет «Горняктан» басым түсіп, сегіздіктегі орнын нығайтты. Руновтың хет-тригі «Номадқа» «Сарыарқаға» қарсы ойында жеңіс сыйлады.

«Теміртау» «Алтай Торпедомен» матчтың әрбір кезеңінде бір шайбадан салып, алтыншы рет қатарынан жеңіске жетті.

«Алтай Торпедо» - «Теміртау» 1:3 (0:1, 0:1, 1:1)

0:1 - 10:29 - Москалев

0:2 - 21:59 - Жилов (Штайгер, Москалев)

1:2 - 49:59 - Караваев (Линник)

1:3 - 59:21 - Королинский (Жуков, Лызин) ПВ

Қақпашылар: Нурек - Еремеев

«Арланның» «Снежные Барсы» командасына қарсы ойынындағы бүгінгі жеңісі ең ірісі, оның үстіне төрт шайбаны қонақтар көпшілікпен салды. Кезекті құрғақ матчты өз есебіне Илья Румянцев жазды. Осы жетістігінің арқасында көкшетаулық ұжым турнир кестесінде бесінші орынға шықты.

«Снежные Барсы» - «Арлан» 0:6 (0:2, 0:3, 0:1)

0:1 - 05:38 - Шитиков (Бердников В., Колесников) ГБ

0:2 - 15:38 - Боровиков (Куваев, Раенко) ГБ

0:3 - 23:03 - Шитиков (Бердников В., Боровиков) ГБ

0:4 - 31:42 - Маркелов (Кусайын)

0:5 - 35:40 - Маркелов (Бердников В., Боровиков)

0:6 - 52:48 - Колесников (Бердников В., Черкасов) ГБ

Қақпашылар: Павленко (Амирбеков, 40:00–60:00) - Румянцев

«Алматыға» өз алаңында «Горнякты» жеңу аса бір қиындық туғызбады. Вячеслав Ипатов дубль жасады. Рудныйлық ұжымды екі рет жеңген оңтүстік астаналықтар бүгінгі қарсыласты турнир кестесіндегі сегізінші орнынан ығыстырды.

«Алматы» - «Горняк» 5:1 (2:1, 2:0, 1:0)

1:0 - 11:16 - Клемешов (Борисов) ГБ

2:0 - 11:57 - Бурделев (Спиридонов, Борисов) ГБ

2:1 - 19:18 - Щанкин (Кротов)

3:1 - 26:51 - Ипатов (Качулин, Клемешов)

4:1 - 38:39 - Ипатов

5:1 - 43:50 - Бельгибаев (Писарев, Бурделев) ГБ

Қақпашылар: Грязнов – Акулинин

Ойын күнінің басты жекпе-жегінде «Номад» «Сарыарқадан» қарымта қайтарды. Кездесудің басты қаһармандары 25 соққыға тойтарыс берген қақпашы Денис Каратаев пен үш шайба салған Андрей Рунов болды.

«Сарыарқа» - «Номад» 1:3 (0:2, 0:0, 1:1)

0:1 - 12:33 - Рунов (Яковлев)

0:2 - 18:04 - Рунов (Пелевин, Яковлев)

1:2 - 45:46 - Михайлов (Грымзин) ГБ

1:3 - 59:08 - Рунов (Шестаков) ПВ

Қақпашылар: Бояркин - Каратаев