Теміртау жеңіске жету үшін тер төкті. Арлан, Алматы мен Сарыарқа өз қақпаларына шайба жуытпастан жеңіске жетті. 6 қаңтардағы матчтарға шолу

6 qańtar
1312

«Теміртау» «Алтай Торпедоны» овертаймда жеңді. «Арлан» «Снежные Барсы» командасына қарсы ойында құрғақ жеңіске жетті. «Алматының» голкипері «Горнякпен» матчта өз қақпасына шайба жуытпады. «Сарыарқа» «Номадтың» қақпасына екі шайба салып, қарсылас жауап бере алмады.

«Алтай Торпедо» екі шайба алда келе жатып, өз үстемдігін сақтап қала алмады. Алайда үшінші кезеңнің аяқталуына бір секунд қалғанда өскемендіктер есепті теңестіріп, ойынды овертаймға айналдырды. Қосымша бес минуттың ортасына қарай Роман Козловтың ойыншылары Владислав Нуректің қақпасына шайба салды.

"Алтай Торпедо" – "Теміртау" 3:4 ОТ (2:1, 0:1, 1:1, 0:1)

1:0 – 01:03 – Линник

2:0 – 09:13 – Хоменко (Михайлов)

2:1 – 14:55 – Кулиев (Цуриков) ГБ

2:2 – 21:31 – Шохов (Галыгин, Колесников)

2:3 – 49:26 – Цуриков (Жилов, Щёкин)

3:3 – 59:59 – Дзедаев ГБ

3:4 – 62:23 – Михнин (Кулиев)

Қақпашылар: Нурек – Селиверстов

«Арлан» елордалық жастарға қарсы ойында құрғақ жеңіске жетті. Матчтың ортасына қарай көкшетаулықтар «Снежные Барсы» командасының голкиперін екі рет састырды.

"Снежные Барсы" – "Арлан" 0:2 (0:0, 0:2, 0:0)

0:1 - 25:46 - Сметанин (Куваев, Черкасов)

0:2 - 31:33 - Власкин (Черкасов, Куваев) ГБ

Қақпашылар: Павленко – Румянцев

«Алматы» кездесуді сенімді түрде бастап, бастапқы жиырма минутта «Горняктың» қақпасына екі рет шайба аттандырды. Рудныйлықтар жауап бере алмады. Финалдық ысқырық естілген сәтте есеп 2:0 күйінде өзгеріссіз қалып, Владимир Князевтің ойыншыларының есебіне шешілді.

"Алматы" – "Горняк" – 2:0 (2:0, 0:0, 0:0)

1:0 – 03:56 – Спиридонов (Ананькин, Качулин) ГБ

2:0 – 06:20 – Ипатов (Спирионов)

Қақпашылар: Грязнов – Нечвиенко

Ойын күнінің басты жекпе-жегінде қарағандылық жігіттер елордалық «Номадты» жеңіп кетті. Бірінші кезеңде «сары-қаралар» есеп ашты. Кездесудің соңында Владислав Никулин қарсыластың бос қақпасына тағы бір шайба аттандырып, матчтың нүктесін қойды. Никита Бояркин 27 соққыға тойтарыс беріп, биылғы маусымдағы жетінші «құрғақ» ойынына қол жеткізді. «Сарыарқа» турнир кестесінде «Номадты» қуып жетті. Қос команда да 29 матч бойынша 62 балдан жинап отыр.

"Сарыарқа" – "Номад" 2:0 (1:0, 0:0, 1:0)

1:0 - 14:33 - Желнеровский (Сиксна, Михайлов) ГБ

2:0 - 59:59 - Никулин (Желнеровский) ПВ

Қақпашылар: Бояркин - Крамарь