Ақтөбе - Номад матчтары кейінге қалдырылды

4 qazan
648

ҚХФ Республикалық жарыстар өткізу департаменті «Ақтөбе» - «Номад» матчтарының кейінге қалдырылатынын хабарлайды.

«Ақтөбе-Арена» мұз сарайында өткен тосын жағдайларға байланысты алаң иелерінің ойын формасы мен жабдықтары жарамсыз болып қалды. Осыған байланысты «Ақтөбе» және «Номад» командалары арасындағы №33 және №35 (2024 жылдың 5 және 6 қазаны) матчтарды кейінірек күндерге қалдыру туралы шешім қабылданды. Ойын күндері кейінірек хабарланады.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.