Қыркүйектің үздік ойыншылары

2 qazan
714

Хоккейден Қазақстан чемпионатындағы алғашқы ойын аптасын қорытындылайық.

Үздік қақпашы – Жакен Ибрагимов («Сарыарқа»)

Қарағандылықтар чемпионаттың алғашқы кезеңін жақсы өткізіп, әзірге көшбасшылар үштігінде тұр. Бұл жетістікке Жәкен Ибрагимов үлкен үлес қосты, ал команда төрт кездесудің төртеуінде жеңіске жетті. Осы ойындар барысында голкипер мұзда 243 минут 27 секунд өткізді, 2,2 сенімділік коэффициентімен 135 соққыға тойтарыс берді (93,8%).

Үздік қорғаушы – Степан Александров («Торпедо»)

«Сарыарқаның» турнир кестесіндегі көршісі – «Торпедо» да жақсы қарқын алды. Қазіргі таңда өскемендіктер – қорғаныстағы ойын бойынша лиганың ең сенімді ұжымы. Қорғаушылар шебіндегі көшбасшылардың бірі – шабуылды да ұмытпайтын Степан Александров. 6 матчтың барысында ол +6 пайдалылық көрсеткішімен нәтижелілік үшін 5 (1+4) балл жинады. Оның жалғыз голы командаға жеңіс сыйлады. Александров берген пас тағы бір шешуші шайбаға септігін тигізді.

Үздік шабуылшы – Валерий Гурин («Горняк»)

Чемпионаттың алғашқы айындағы жаңалықтарының бірі – алты кездесудің бесеуінде ұпай жинап, лигада ең көп шайба салған «Горняк» болды. Команданың және тұтас чемпионаттың үздік бомбардирі бүгінгі таңда Валерий Гурин. 6 ойынның нәтижесінде ол +7 пайдалылық көрсеткішімен, бір жеңіс шайбасымен 12 (5+7) ұпай жинады. Оның есебінде хет-трик пен дубль бар, форвард сонымен қатар қарсы қақпаға 28 соққы бағыттады, олардың 17,86%-ы нәтижелі болды.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.