Алексей Зубов: «Тағы да үздік апта ойыншысы атанғым келеді»

25 qyrkúıek
405

«Торпедо» капитаны Алексей Зубов клуб баспасөз қызметіне берген сұхбатында команданың түздегі матчтары мен үйдегі ойындар сериясынан не күтетіні туралы пікір бөлісті.

- Түздегі серияны лайықты өткіздік деп санаймын: «Ақтөбе» мен «Горнякқа» қарсы төрт матчтың үшеуінде жеңіске жеттік. Ойындар табанды, қызықты өтті. Түздегі сапар сәтті болды.

- Жеңілістен кейін Рудныйда «Горняктан» сенімді түрде қарымта қайтара білдіңіздер. Қандай түзетулер енгізілді?

- Иә, жеңіліс ащы болды. Ойын мазмұны бойынша жол бердік деп айта алмас едім. Керісінше, шайба біздің бақылауда болды. Біз жеңісті қолдан бердік. Келесі күні командалық жиналыс болды. Бапкерлер ойын тактикасына түзету енгізді және бастысы өзіміз туғызатын гол сәттерін жүзеге асыруға қатысты өз көзқарасымызды өзгерттік. Алдыңға ойында біздің осал тұсымыз осы болды.

- СіздіңПархоменко мен Акмальдиновпен звеноңыз төселгендей көрінеді. Бұл үштікте садақ кім, жебе кім?

- Звенодағы үндестік бірден орнады. «Ақтөбеге» қарсы матчта жылдам гол ұйымдастыра алдық. Нәтижесінде үштікті өзгеріссіз қалдырдық. Александр Акмальдинов – звенодағы жасы үлкені. Ол бүкіл тартысты жеңеді, түздегі ойындарда бір де бір жекпе-жекте жеңілген жоқ. Диспетчер және креативші қызметтері менің мойнымда: шайбаны қарсыластың аймағына жеткізу, пастарды табу. Захар мен Саша шайбаны жетер жеріне жеткізеді.

- Өзіңізді команда капитаны ретінде қалай сезінесіз? Жауапкершіліктен ауырлық сезінесіз бе әлде керісінше қанаттандыра ма?

- Жоқ, қысым жоқ. Бапкерлер штабымен ойымыз бір жерден шығады, алайда субординацияны сақтаймыз. Адамгершілік қарым-қатынас пен өзара түсіністік орнаған. Команда тарапынан да ешқандай қысым жоқ, қайта қолдау бар. Бұл қанаттандырады, жігіттерге мені капитан ретінде таңдағандары үшін рақмет айтамын.

- Алдағы демалыстарда 2024-25 жылғы маусымның алғашқы үй матчтары өтеді. Трибуна толы халықты күтесіз бе?

- Әрине, жанкүйерлерімізді тезірек трибунадан көргіміз келеді. «Ертістің» түздегі нәтижелеріне қарамастан, бұл команданы жете бағалау керек. Одан кейін қазанда үйдегі аренада тағы төрт матч өткіземіз. Максималды ұпай жинау керек.

- Чемпионаттың үздік апта ойыншысы атандыңыз. Енді бұл атақты қорғау қажет қой?

- Аптаның үздік ойыншысы атанғаны қуантады. Тағы да үздік апта ойыншысы атанғым келеді, барлығын ойын көрсетеді.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.