Алексей Зубов – Қазақстан чемпионатының апта ойыншысы

23 qyrkúıek
127

1xBet Pro Hokei Ligasy-ның екінші ойын аптасын қорытындылайық.

Кезеңнің үздік ойыншысы болып Алексей Зубов танылды. «Торпедо» капитаны өткен аптада өз командасына түздегі үш матчтың екеуінде жеңуге көмектесті, соның арқасында өскемендіктер қазір үздіктер үштігінде. Бұл ретте шабуылшы үш кездесудің барлығында ұпай жинады – оның есебінде бір салынған шайба мен бес нәтижелі пас бар (оның екеуі жеңіс голына себеп болды), пайдалылық көрсеткіші +2.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.