Pro Ligasy-ның аралық қорытындысы (4-ші бөлім)

4 qańtar
1446

​ҚХФ баспасөз қызметі Pro Ligasy командаларының ойындары бойынша аралық қорытындыларды аяқтайды. Бүгін көшбасшы үштікке кіретін командалар туралы сөз болады.

"Сарыарқа" (3-ші орын, 28 матчта 59 ұпай)

Маусымның басы кейінге шегеріліп, ауыр басталғаннан кейін қарағандылық ұжым құрамды біршама жасартты. Нәтижесінде бұл амалдар өз жемісін берді. «Сарыарқа» жағдайды түзеп, жыл соңында турнир кестесінің үшінші қатарынан орын тепті.

Мұндай мүмкіндікке екпінді өткізген желтоқсанның арқасында қол жеткізді. Иә, айдың басында Соколовтың командасы «Теміртаумен» жергілікті ойында төрт матчтың үшеуінде жеңілді. Алайда ары қарай «Сарыарқа» он ойынның тоғызында жеңіске жетті, оның үстіне сары-қаралар төрт рет алаңнан қақпасына шайба өткізбестен кетті. Жаңа жылды қарағандылықтар «Номад» пен «Құлагерге» қарсы өз алаңындағы ойындармен бастайды.

Нәтижелілік бойынша команда көшбасшысы желтоқсан айында лиганың үздік шабуылшысы атанған Владислав Никулин (24 балла, 11+14) болып табылады.

"Торпедо" (2-ші орын, 26 матчта 61 балл)

Ұпай жоғалту бойынша чемпионат көшбасшысы. Өскемендіктер маусым басталысымен өзінің биік межені көздейтінін байқатты және жеңістер сериясы ұзаққа созылды. Команданың құрамы мықты, алайда ол да кейде әлсірейді. Мысалы, екі апта бұрын Олег Болякиннің ойыншылары екі матч бойы «Сарыарқаның» қақпасын ала алмады, кейін «Құлагерге» қарсы ойында қарсыласқа бір де бір шайба өткізе алмады.

Әзірге ұпай қоры жеткілікті, және қаңтар айы команда үшін өз орнын нығайтуға үлкен мүмкіндік. Себебі «Торпедоға» қарсы алдағы уақытта турнир кестесінің төменгі жағындағы командалар ойнайды.

Нәтижелілік бойынша команда көшбасшысы – тәжірибелі Александр Шин, оның қоржынында 23 (14+9) ұпай бар. Ол лиганың үздік сұрмергендер тізімінде екінші болып келе жатыр.

"Номад" (1-ші орын, 28 матчта 62 балл)

Елордалық ұжым маусым басталысымен көшбасшылар қатарында келеді және тұрақты чемпионаттың бірінші бөлімі бойы үшінші орыннан төмен түскен емес. Команда он кездесудің тоғызында жеңіске жеткен олжалы желтоқсан айы бесінші қаңтарға дейін бірінші қатарға шығуға мүмкіндік берді.

«Көшпенділер» – 100 шайбалық межеден асқан чемпионаттағы жалғыз ұжым. Және Александр Высоцкийдің командасы биылғы маусымда ең ірі есеп – 12:0 етіп жеңіске жетті.

«Номадтың» бірден үш ойыншысы чемпионаттың үздік бомбардирлерінің бестігіне кіреді. Олардың бірі жақында келісімшартты өзгертіп, қазір «Барыс» сапына өткен Захар Пархоменко. Алексей Зубов қазіргі таңда лиганың ең нәтижелі спортшысы болып отыр. Оның қоржынында 32 (9+23) балл бар.