2024 жылғы Қазақстан кубогінің финалдық матчында көкшетаулық «Арлан» мен рудныйлық «Горняк» кездесті.
Қазіргі ел чемпионы «Арлан» құрамының елеулі өзгеріске ұшырағанына қарамастан Кубокте тамаша ойнап, турнир финалында күштік тұрғыдан өнер көрсетті. Шешуші сәттерде көкшетаулықтар көшбасшыларының, сонымен қатар қақпаға бағытталған 24 соққының 23-іне тойтарыс берген қақпашы Сергей Кудрявцевтің шеберлігі жеңіп кетті.
Алаң ойыншылары өз голкиперіне Владислав Никулиннің, сонымен қатар жаңа ойыншылар Степан Санников пен Данил Парамоновтың орындауындағы дөп соққылармен көмектесті. «Горняк» құрамындағы жалғыз шайбаның авторы – екінші күн қатарынан мұзға капитан ретінде шыққан Оскар Юлбарисов.
Осылайша, «Арлан» өз тарихында үшінші рет Қазақстан кубогінің иегері атанды. Ал «көкшеліктердің» тәлімгері Владимир Маркелов үшін бұл – бас бапкер ретіндегі алғашқы жүлде.
«Арлан» - «Горняк» 3:1 (1:0, 2:0, 0:1)
1:0 - 14:59 - Никулин (Чапоров)
2:0 - 27:24 - Санников (Архипов)
3:0 - 38:24 - Парамонов (Санников, Хорошев)
3:1 - 44:29 - Юлбарисов (Абдуллаев, Степанов)
Қақпашылар: Кудрявцев - Нурек
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.