2024 жылғы Қазақстан кубогінің алдын ала қорытындысын жасайық.
2024 жылғы Қазақстан кубогінің алдын ала қорытындысын жасайық. Топтық раунд аяқталғаннан кейін турнирдің төрт жартылай финалисі анықталды. Олар: «Құлагер», «Арлан», «Сарыарқа» және «Горняк».
Алдын ала кезеңнің ең нәтижелі командасы «Горняк» болды. 27 шайба салып, әрбір ойында соққыларының 17,53%-ын жүзеге асырған (6,75 гол) рудныйлықтар асқан дәлдік көрсетті.
Ең төменгі нәтиже «Алматыда». Төрт кездесудің қорытындысы бойынша оңтүстікастаналық ұжым қарсыласқа 4 рет шайбасын өткізді.
Осындай нәтиженің арқасында «Горняктың» бірден төрт ойыншысы қазіргі таңда Кубоктің үздік бомбардирлерінің топ-5-іне кіріп тұр. Алайда бұл тізімде бірінші орынды «сарыарқалық» Глеб Зайцев алып тұр. Қарағандылықтардың көшбасшысы 9 (5+4) ұпай жинады және әзірге турнирдің үздік сұрмергені болып отыр.
Үздік ассистент атағы Алексей Козорезге тиесілі. «Горняк» өкілі өз есебіне 7 нәтижелі пасты жазды.
Александр Куршук қорғаушылар арасында нәтижелілік бойынша көш бастап тұр. Рудныйдың тәжірибелі қорғаныс ойыншысы 8 (2+6) балл жинады.
Қақпашылар рейтингісінде әзірге Денис Каратаевқа жетер ешкім жоқ. «Құлагердің» голкипері бірнеше маңызды көрсеткіш бойынша үздік: жеңіс саны (3), сенімділік коэффициенті (1,2) және тойтарылған соққылар пайызы (96,2) мен саны (102).
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.