Pro Ligasy-ның аралық қорытындысы (3-ші бөлім)

3 qańtar
1571

ҚХФ баспасөз қызметі Pro Ligasy командаларының ойындары бойынша аралық қорытынды жасайды. Бүгін турнир кестесінің алтыншы мен төртінші орын аралығындағы командалары сөз болады.

"Бейбарыс" (6-шы орын, 26 матчта 42 балл)

Өткен жылғы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы үшін маусым біркелкі өтпеді. Команда құрамы біршама жаңарды және қазір бапкерлер штабы әлі де оңтайлы үйлесімдер іздеуде.

Желтоқсанды атыраулықтар айтарлықтай сәтті өткізді. «Бейбарыс» сегіз матчтың алтауында жеңіске жетіп, әрбір ойында ұпай жинап отырды. Бұл ретте Аргоковтың ойыншылары нәтижелі ойын көрсетті – өткен кезең ішінде 36 шайба салынды (бір матчта орта есеппен 4,5 шайба).

Жаңа жылды «Бейбарыс» Павлодар-Өскемен бағытындағы түзге сапарымен бастайды, одан кейін өз алаңында «Сарыарқаны» қабылдайды. Ойын кестесі тығыз болғалы тұр, алайда қатарынан жеңіске жетіп келген атыраулықтардың жаңа ойын кезеңін екпінмен бастап, көшбасшылардың үштігіне жақындауға құлшынысы зор екені анық.

Ұжымның үздік бомбардирі Кирилл Старцев – 22 (9+13) балл. Әзірге ол командасынан 20 нәтижелі ұпай жинаған жалғыз ойыншы.

"Құлагер" (5-ші орын, 28 матчта 44 балл)

Петропавлдық ұжым асқан тұрақтылығымен ерекшеленеді деп айтуға болмайды, алайда «Құлагер» чемпионат бойы алғашқы бестіктен түспей келеді.

Троицкийдің ойыншылары желтоқсанды үлкен екпінмен бастап, алты кездесудің бесеуінде жеңіске жетті. Онда да тек «Торпедоға» жол берді. Алайда әрі қарай нәтижелілік бәсеңдеп, солтүстік өңірдің командасы жылды қатарынан төрт жеңіліспен аяқтады.

Үзілістен кейін «Құлагерді» түздегі ауыр ойындар күтіп тұр, оның аясында команда «Сарыақа», «Номад» және «Алтай Торпедомен» ойнайды. Оның үстіне өзінен кейінгі командалар өкшелеп қуып келеді. Сондықтан павлодарлықтарға алға ұзап кету үшін жаңа жылдың бірінші матчтынан-ақ қызу күреске кірісу қажет.

Тұрақты чемпионаттың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша «Құлагердің» үздік бомбардирі 19 (9+10) балмен Фёдор Хорошев болып отыр. Қазіргі таңда ол тұтас лигадағы қорғаушы-бомбардирлер тізімінде екінші орында тұр.

"Теміртау" (4-ші орын, 28 матчта 55 ұпай)

Ұзақ уақыт бойы жас «теміртаулықтар» көшбасшы үштікке кіріп, кез кезген қарсыласқа тойтарыс беретін халде болды. Алайда желтоқсан айында «Номад» пен «Алматыға» қарсы ойындарда қатарынан төрт рет жеңіліске ұшырады. Нәтижесінде Роман Козловтың командасы өңірлесі «Сарыарқаны» алға жіберіп алды.

Түйткілдерге қарамастан «Теміртау» жылды мығым «Арлан» мен «Құлагерге» қарсы түздегі ойындардағы төрт жеңісімен аяқталды. Команда үлкен ерліктерге дайын екенін дәлелдеп қойды. Қуанышқа орай, 2021 жылдың басына жасалған күнтізбе ұжымға өзінің сәтті ойындарын жалғастыруға мүмкіндік береді.

Сары-қаралардың көшбасшысы «Сарыарқа» жүйесінен кете жаздаған, алайда дегенмен келісімшартқа қол қойып, маусымда екінші команданың алға жетелеуші күшіне айналған Владислав Кулиев (23 балла, 9+14) болып табылады.