Алматы бомбардирлерді сақтап, Анисимовті қайтарды

26 shilde
801

Pro Hokei Ligasy клубтарының трансферлік жаңалықтарын бақылауды жалғастырамыз.

Оңтүстікастаналық клуб бірден бірнеше жетекші ойыншыларын сақтап қалып, өз жанкүйерлерін қуантты. «Алматы» намысын алдағы маусымда команданың үш үздік бомбардирі: Степан Штефан, Кирилл Баев пен Сергей Машинец, сондай-ақ ең нәтижелі ойыншылардың бестігін тұйықтаған Ян Хоменко қорғайды.

«Алматыда» шабуылшылар Дамир Айдуков, Юрий Андрусенко, Денис Гафаров, Максим Петрасюк пен Илья Потырка қалады. Оңтүстікастаналықтардың құрамына жергілікті жанкүйерлерге жақсы таныс Егор Анисимов оралды. Өткен маусымды ол белоруссиялық «Гомельде» өткізді.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.