Altyn Adam Sport Marketing

22 shilde
780

Биыл Қазақстанда алғаш рет «Altyn Adam Sport Marketing» сыйлығы өтеді.

Биыл Қазақстанда алғаш рет «Altyn Adam Sport Marketing» сыйлығы өтеді. Сыйлықтың мақсаты — спорт маркетологтарының, pr-менеджерлерінің, демеушілік жөніндегі мамандардың, клубтардың, лигалардың менеджерлері мен басшыларының, сонымен қатар қазақстандық спорт әлеміндегі шараларды ұйымдастырушылардың үлесін атап өту.

Өтінім қабылдау 2024 жылдың 15 шілдесінде басталып, 30 тамызға дейін жалғасады. Номинанттардың шорт-тізімі 7 қыркүйекте жарияланады. Марапаттау салтанаты 29 қыркүйек күні Астанада Radisson Hotel Astana қонақүйінде өтеді.

Сыйлық аясында спорт маркетингі бойынша семинар өтеді. Бағдарламада осы саладағы көшбасшы спикерлер сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр. Спорт әлеміндегі сарапшылар қызықты кейстер, демеушілермен серіктестік, әлеуметтік желіде ілгерілетудің ерекшеліктері, БАҚ-пен жұмыс, event-маркетинг пен мерчандайзинг құралдары туралы айтып береді.

Семинар Park Inn by Radisson қонақүйінде өтеді.

Іс-шараның өту күні мен уақыты: 2024 жылғы 28 қыркүйек, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін (түскі үзіліспен).

«Altyn Adam Sport Marketing» сыйлығына қатысу кімдер үшін қызық?

- спорт лигаларының, федерациялар мен клубтардың басшылары мен менеджерлері үшін;

- спорт менеджменті мен маркетингі бойынша агенттік мамандары үшін;

- спортқа жақын бренд өкілдері үшін;

- спорт турнирлерінің, жарыстары мен іс-шараларының ұйымдастырушылары үшін;

- спорт журналистері, БАҚ және блогерлер үшін.

Аталымдар тізімі

Негізгі аталымдар

1.Маусымның ашылу-жабылуын үздік ұйымдастыру

2.Көрерменмен жұмысты үздік ұйымдастыру (matchday)

3.Әлеуметтік желілердегі үздік жұмыс

4.Спорт шарасының үздік маркетингі

5.Үздік демеушілік белсенділік

6.Үздік әлеуметтік жоба

7.Үздік мерчендайзинг

8.Жас аудиториямен жұмыс бойынша үздік жоба

9.Жыл креативі

10.Спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау саласындағы жобаның үздік маркетингі

11.Үздік букмекерлік белсенділік

Арнайы аталымдар

1.Үздік спорт ТВ

2.Үздік спорт журналисі

3.Үздік спорт БАҚ

4.Үздік жыл бренд-амбассадоры

5.Үздік спорт Youtube-арнасы

6.Спорттағы жыл бренді

Ұйымдастырушы:

«Global Sport Marketing» компаниясы

Бас серіктес:

«1XBET» компаниясы

Серіктестер:

Қазақстанның хоккей федерациясы

SCAT Airlines

Radisson Hotel Astana

Толығырақ ақпарат пен қатысу шарттарын көрсетілген байланыс деректеріне хабарласу арқылы біле аласыздар.

«Global Sport Marketing» компаниясы

Мекенжай:

Астана қ., Сарыарқа даңғ., 4-үй, 406-кеңсежай

Сыйлықтың PR-менеджері

Евгений Ткачуков

тел.: +7-705-113-24-27

e-mail: et@globalsportmarketing.kz

Сыйлықтың сайты: altynadamsport.kz 


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.