2024-2025 маусымына БАҚ аккредиттеу

15 shilde
554

Қазақстанның хоккей федерациясы 2024-2025 жылғы маусымға аккредиттеу алуға БАҚ өкілдерінен өтінім қабылдауды бастағанын жария етті.

Аккредиттеу қазақстандық хоккей лигаларының матчтары, оның ішінде тамыз айында өтетін алдағы Қазақстан Кубогі туралы БАҚ-та ақпарат жариялау үшін еліміздің мұз ареналарына баруға мүмкіндік береді.

Аккредиттеу үшін сіз press@icehockey.kz поштасына өтінім-хат жолдауыңыз қажет. Хаттың тақырыбын міндетті түрде «2024-2025 маусымына аккредиттеу» деп көрсетіңіз.

Егер сіз ҚР Кубогі матчтары туралы жазуды жоспарласаңыз, хаттың тақырыбын «2024-2025 маусымына аккредиттеу + ҚР Кубогі» деп жазыңыз.

Өтінімде келесі ақпарат көрсетілуі тиіс.

1) ТАӘ

2) Байланыс нөмірі

3) Email

4) Қала

5) БАҚ атауы

6) БАҚ туралы қысқаша ақпарат

7) Редакциялық куәлік және БАҚ-тан ресми хат

Өтінім қабылдаудың аяқталу мерзімі – 14 тамызда.

Әрі қарай өтінімдер өңделіп, кандидатураңыз түбегейлі бекітілуі үшін клубтарға жіберіледі. Бейдждердің берілуі туралы ақпарат клубтардың баспасөз қызметтері тарапынан чемпионаттың басталуы алдында жарияланады.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.