Петросян мен Шапорев тағы да Торпедоға оралды

4 shilde
684

«Торпедо» алдағы маусымға негізгі командасын жасақтауды жалғастыруда.

Өскеменге кезекті рет Стас Петросян мен Герман Шапорев оралды. Өткен маусымды нәтижелі шабуылшылар «Ақтөбеде» аяқтап, сол құраммен ProLigasy командаларының қорытынды топ-4-тігіне енді. Қорғаушы Илья Олендаренко да дәл сол бағытта елдің батысынан шығысына ойысты.

«Торпедоның» су жаңа ойыншысы – ЖХЛ-да 300-ден астам матч өткізген форвард Илья Кляузов. Өткен маусымды хоккейші Беларусь чемпионатында «Гомель» мен «Химик» сапында аяқтады.

Өскеменде өз мансабын тәжірибелі қорғаушы Марк Скутар жандандыруға тырысады. Ол 2018-2019 жылғы маусымда Қазақстанға келіп, плей-оффта «Арлан» үшін ойнаған болатын. Бұған дейін екі маусым бойы Скутар Испания чемпионатында өнер көрсетті.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.