Қазақстан Кубогі-2024 кестесі өзгерді

3 shilde
400

ҚР Кубогі қатысушыларының құрамы өзгергеннен кейін алдағы турнирдің жаңа кестесі белгілі болды.

Қазақстан кубогі өтетін кезеңде «Номад» ойыншыларының көпшілігі ұлттық құраманың тамыздың соңында-қыркүйектің басында Братиславада өтетін Олимпиада іріктеуінің финалдық кезеңіне дайындалады. Осыған байланысты елордалық ұжым ҚР Кубогіне қатыса алмайды, ал турнир топтарының қорытынды құрамы өзгеріске ұшырады.

Матчтары Өскеменде өтетін А тобына қазіргі ел чемпионы – көкшетаулық «Арлан», Кубоктің қазіргі жеңімпазы – ташкенттік «Хумо», «Торпедо», петропавлдық «Құлагер» мен «Алматы» енді. Қарағандыда өтетін В тобының тартысына «Сарыарқа», «Ақтөбе», рудныйлық «Горняк», атыраулық «Бейбарыс» және павлодарлық «Ертіс» қатысады.

Алдын ала кезеңнің кездесулері 23 және 28 тамыз аралығында өтеді. Әрі қарай плей-офф аясында жартылай финалдар (топ жеңімпаздары параллель топта екінші орын алған командалармен ойнайды) және финал өтеді. Шешуші матчтар Өскеменде 31 тамызда және 1 қыркүйекте өтеді.

2024 жылғы Қазақстан кубогі матчтарының кестесі

23 тамыз,Жұма

15:00 QULAGER– ARLAN

15:00 GORNYAK - ERTIS

19:00 TORPEDO - ALMATY

19:00 BEIBARYS - SARYARQA

24 тамыз,Сенбі

17:00HUMO - QULAGER

17:00 AQTOBE - BEIBARYS

25 тамыз,Жексенбі

13:00 ARLAN -ALMATY

13:00 AQTOBE - GORNYAK

17:00 HUMO - TORPEDO

17:00 SARYARQA - ERTIS

26 тамыз,Дүйсенбі

19:00 QULAGER - TORPEDO

19:00 BEIBARYS - GORNYAK

27 тамыз,Сейсенбі

15:00ARLAN- HUMO

15:00 ERTIS- BEIBARYS

19:00 ALMATY - QULAGER

19:00 SARYARQA - AQTOBE

28 тамыз,Сәрсенбі

15:00 HUMO - ALMATY

15:00 AQTOBE - ERTIS

19:00 TORPEDO - ARLAN

19:00 GORNYAK - SARYARQA

31 тамыз, Сенбі

14:00 А1-В2 (жартылай финал)

18:00 В1-А2 (жартылай финал)

1 қыркүйек, Жексенбі

17:00 S1 – S2 (финал) 


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.