Торпедо бапкерлер штабын таныстырды

3 shilde
455

Өскемендік клубтың баспасөз қызметі Pro Hokei Ligasy-ның 2024-2025 жылғы маусымына жаңарған бапкерлер штабын таныстырды.

«Торпедоның» бас бапкері ретінде жергілікті тәрбиеленуші Андрей Корабейников тағайындалды. Ол ойыншы ретіндегі мансабының басым бөлігін «Казцинк-Торпедода» өткізді, сонымен қатар әлем чемпионаттарында Қазақстан құрамасы үшін ойнап, нефтекамскілік «Торос» құрамында Братина кубогін жеңіп алды. Бапкерлік жұмысқа 2019 жылы кірісті, содан бері өзі түлеп ұшқан команда жүйесінде білек сыбана еңбек етіп келеді.

Корабейниковтің штабына Андрей Райский және бапкерлердің дайындығына жауап беретін Иван Полошков кіреді. 


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.