Өзбекстандық ұжым Pro Hokei Ligasy клубтарынан алғаш болып алдағы жаз мезгіліне жоспарларымен бөлісті.
Команда демалыстан 8 шілдеде шығады, одан кейін ойыншылар медициналық тексеруден өтіп, жаттығуларға кіріседі. 21 және 30 шілде аралығында ташкенттіктер жиындардың екінші кезеңін Мәскеу маңындағы Чеховта өткізеді.
1 және 14 тамыз аралығында «Хумо» өз алаңында 15 және 18 тамыз аралығында Ташкентте өтетін «Еуроазиялық Достық кубогі» турниріне дайындалады. Қатысушылар қатарына алаң иелерінен бөлек, Қазақстанның қазіргі чемпионы – көкшетаулық «Арлан», белоруссиялық «Брест», сондай-ақ тулалық «АКМ» кіреді.
Әрі қарай «Хумо» Қазақстан кубогінің жеңімпазы атағын қорғап қалуға тырысады, ал 1 қыркүйектен бастап Pro Ligasy маусымы басталар алдындағы жиындардың қорытынды кезеңі басталады.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.