Торпедо үш шәкірті мен Владимир Гребенщиковті қайтарды

24 maýsym
541

Маусымаралықтың алғашқы трансферлік жаңалықтары өскемендік «Торпедо» баспасөз қызметінен келіп жетті.

«Торпедолықтар» құрамын жергілікті хоккейсүйер қауымға жақсы таныс, өткен маусымды Өскеменде бастап, Атырауда аяқтаған Владимир Гребенщиков және «Бейбарыстан» ауысқан Степан Александров толықтырды.

Сыртқа кеткен тағы екі жергілікті шәкірт оралды: өткен маусымда «Бейбарыс» пен «Ақтөбеде» ойнаған форвард Эрик Алдабергенов, сондай-ақ «Горнякта» ойнаған қорғаушы Иван Гавриленко. 


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.