Сарыарқа Микушин мен Баженовті қалдырып, Королинскийді қайтарды

15 maýsym
721

Pro Hokei Ligasy клубтарынан келіп жеткен трансферлік жаңалықтарды әрі қарай бақылаймыз.

«Сарыарқа» өз құрамында өткен чемпионатта «қырандардың» намысын қорғаған тәжірибелі голкипер Артём Микушинді сақтап қалды. Қарағандылықтардың біліктілік ұсынысын қақпашы Альберт Коваль мен шабуылшы Владислав Жабунин қабыл алды.

Шахтерлер астанасында өз ойынын «Сарыарқаның» тағы бір көшбасшысы қорғаушы Егор Наместников жалғастырады. Шабуыл шебі ресми түрде екі хоккейшімен толықты: келісімді ұзартқан Никита Баженов және Қарағандыға «Бейбарыстан» оралған Евгений Королинский.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.