Арлан ел чемпионатының қола жүлдегерімен келісімшарт жасасып, қақпашылар бригадасын жасақтады

14 maýsym
482

Көкшетаулық клубтың баспасөз қызметі негізгі команда сапындағы соңғы жаңалықтарды жеткізді.

«Арланның» жаңа ойыншысы – танымал шабуылшы Степан Санников.

Ойыншы Құрлықтық хоккей лигасында 700-ден астам матч өткізді, сонымен қатар Ресей құрамасы сапында элиталық дивизионда әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

«Көкшеліктер» сонымен қатар өз құрамында өткен маусым плей-оффының үздік қақпашысы Сергей Кудрявцевті сақтап, тағы бір голкипер Тимур Мейдерді қайтарды.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.