Pro Hokei Ligasy клубтарының трансферлік жаңалықтарын бақылауды жалғастырамыз.
Pro Hokei Ligasy клубтарының трансферлік жаңалықтарын бақылауды жалғастырамыз.
Өткен маусымның қола жүлдегері «Сарыарқа» өткен кезеңді айтарлықтай жемісті өткізді. Қарағандылықтар бір апта ішінде шабуылшыларының топ-6-лығына енетін төрт орынды анықтады. Ал енді төменгі звеноларды жасақтаумен айналыса алады. «Қырандар» басшылығы өткен плей-оффтағы команданың үздік бомбардирі Глеб Зайцевпен және аса нәтижелі Евгений Лызинмен, Александр Конновпен және Тимур Шингареевпен келісімшарттарды ұзартты.
Клубтың біліктілік ұсыныстарын форвардтар Егор Кузьменко мен Константин Пальмтаг қабылдады. Сары-қаралар сапында өнер көрсетуін жергілікті шәкірт Руслан Дёмин жалғастырады. Қорғаныс шебінде «Сарыарқа» жетекші қорғаушы Дмитрий Стуловты қалдырды.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.