Хумо көшбасшыларын сақтап қалды, Сарыарқа жас шәкірттермен толықты

29 mamyr
821

Pro Hokei Ligasy клубтарының өткен кезеңдегі ең қызықты трансферлік жаңалықтарын назарларыңызға ұсынамыз.

«Хумо» мамыр айының басты ньюсмейкері болып қала бермек. Ташкенттік команда өз келісімшарттары туралы белсенді түрде жаңалық таратып қана қоймай, оған қатысты телеграм-арнада көрерменге арналған қызықты викториналар өткізуде. Бірінші кезекте, «Хумоның» өз құрамында көшбасшыларды: өткен тұрақты чемпионаттың үздік бомбардир-қорғаушысы Илья Назаревичті, сонымен қатар шабуылшылар Павел Синявский мен Василий Жиловты сақтап қалғанын атап өту керек.

Әрі қарай өзбекстандық клуб қақпашылар Леонид Фомин мен Константин Козловскиймен келісімшарттар жасасты. Өткен маусымда 28 жастағы Фомин минскілік «Юность» командасында өткізді, ал 29 жастағы Козловский Оршалық «Локомотивте» ойнады. «Хумоның» тағы бір жаңа ойыншысы – қорғаушы Эмиль Малышев.

«Сарыарқа» сапынан жеткен алғашқы трансферлік жаңалықтар жас шәкірттерге қатысты. Біліктілік ұсыныстарын шабуылшылар Станислав Махинько, Тимофей Симонов пен Виталий Божко қабылдады, олар қарағандылық клуб жүйесіндегі командалар үшін ойнауын жалғастырады. Сонымен қатар шахтерлер астанасына Даниил Киселёв оралды. Өткен маусымды қорғаушы «Ақтөбеде» өткізді.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.