Белсенді Хумо, Шетле ВХЛ-ға ауысты

21 mamyr
581

Назарларыңызға өткен кезеңде Pro Hokei Ligasy клубтарында болған ең қызықты ауыс-түйістерді ұсынамыз.

Әзірге трансферлік нарықтың ең белсенді қатысушысы ташкенттік «Хумо» болып отыр: Дмитрий Катаевтен кейін «Арланның» чемпиондық құрамындағы үш бірдей ойыншымен келісімшарт жасасты. Өз мансабын Өзбекстан астанасында тәжірибелі қорғаушылар Станислав Боровиков пен Иван Степаненко, сондай-ақ алып шабуылшы Артём Лихотников жалғастырады.

Команда сапына Беларусь чемпионатынан ауысқан қорғаушылар Владислав Габрусь пен Дмитрий Саврицкий қосылды.

Тағы бір маңызды қадам – ташкенттіктер өткен тұрақты чемпионаттың үздік бомбардирі Вадим Кравченкомен серіктестікті сақтап қалды. Нәтижелі форвард 100 ұпайдан асыра жинаған команда тарихындағы алғашқы ойыншы атанды. «Хумода» тағы бір жылға қорғаныс ойыншысы Артём Мальцев қалды.

Ресейлік «Тамбов» Эдуард Шетленің ауысқанын жария етті. Соңғы төрт жылын қорғаушы «Барыс» жүйесінде өткізді. Өткен маусымда Шетле «Номад» үшін ойнады.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.