Дмитрий Катаев – Хумоның бас бапкері

20 mamyr
1025

Ташкенттік клубтың баспасөз қызметі негізгі команданың бапкерлік штабындағы өзгерістер туралы жария етті.

Келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты Евгений Попихин, Андрей Никишов және Роман Кривомазов командадан кетті. Осы мамандардың басшылығымен «Хумо» 2023 жылы Қазақстан чемпионатының финалына жетіп, клуб тарихындағы алғашқы жүлде – Қазақстан Кубогін жеңіп алды. Өткен маусымды Өзбекстан астанасынан келген ұжым плей-оффтың бірінші раундының қорытындысы бойынша аяқтады.

«Хумоның» жаңа бас бапкері ретінде жақында «Арланды» Pro Hokei Ligasy-ның алтын медаліне жеткізген Дмитрий Катаев тағайындалды.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.