Александр Нестеров возглавил Алматы

14 mamyr
655

«Алматы» ХК баспасөз қызметі негізгі команданың бас бапкері ретінде Александр Нестеровтің тағайындалғанын жария етті.

52 жастағы маман бапкерлік жолының елеулі бөлігін тольяттилік «Ладада» өткізді. Сондай-ақ әр жылдары Нестеров мытищилік «Атланттың», пермьдік «Молот-Прикамьенің» және самаралық ЦСК ВВС-ның бапкерлер штабтарына кірді. Соңғы үш жылда Александр Геннадьевич красноярскілік «Соколда», оның ішінде бас бапкер ретінде жұмыс жасады.

Жақын арада оңтүстік астаналық клуб жаттықтырушылар штабының жаңартылған құрамын жариялайды және алдағы маусымда өнер көрсететін команданы жасақтауға кіріседі.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.