Астанада қазақстандық хоккей тарихында алғаш рет «1XBET HOKEI MEIRAMY» өтті

29 sáýir
644

Қазақстанның хоккей федерациясы QHL-дың бас демеушісі – 1XBET компаниясымен бірлесіп, «Барыс Аренада» ел тарихындағы ең алғашқы «1XBET HOKEI MEIRAMY 2024» фестивалін өткізді.

Іс-шара автограф-сессиядан басталды, оған Дамир Рыспаев, Виталий Еремеев, Даррен Диц және Кевин Даллмэн қатысты.

Кевин Даллмэн, Қазақстан құрамасының экс-қорғаушысы

- Мен Астананы, ең үздік фанаттарымызды сағындым. Және хоккейді қатты сағындым. Бүгін мұзға шықпайынша ойынды қаншалықты сағынғанымды түсінбеппін, шынымды айтсам. Бүгін ойнап, жылы естеліктерге шомып, осында, Астанада таңғажайып фанаттардың алдында ойнаған кездерімді еске түсірдім.

«1XBET HOKEI MEIRAMY 2024» фестиваліндегі басты оқиға 3х3 форматындағы турнир болды. Оған стендап-комик Евгений Чебатков, рэп-орындаушы V $ X V PRiNCE, қазақстандық хоккейдің аңызға айналған ойыншылары Виталий Еремеев және Кевин Даллмэн, ҚХЛ-дың қазіргі ойыншылары Роман Старченко мен Даррен Диц, сондай-ақ Pro Hokei Ligasy ойыншылары Сергей Кудрявцев пен Сергей Машинец қатысты. Матчтарға ҚХФ төрешілер корпусының өкілдері Тимур Морев, Дмитрий Трофимов, Владимир Ефремов пен Аркадий Субботин қызмет етті.

Бірінші жартылай финалда «Legends» және «Pro» командалары кездесті. Мұнда Қазақстан чемпионаты ойыншыларынан құрылған құрама басым түсті. Турнирдің екінші финалисі – «Astana» командасындағы жастау қарсыластарын басып озған «Qazaqstan».

«Legends» және «Astana» ұжымдарының «қола» үшін текетіресі аса тартысты өтіп, буллиттер сериясымен аяқталды. Онда «елордалықтар» (8:7) дәлірек көздеді. Финал «Pro» өкілдерінің пайдасына шешілді: олар соңғы секундтарда «Qazaqstan» командасынан жеңісті жұлып әкетті (3:2).

Турнир соңында қатысушылар дәстүрлі ортақ суретке түсті. Бұл жолы ұйымдастырушылар спортшыларды кубоктермен және медальдармен марапаттамауды жөн көржі. Оның орнына қаражат ауыл хоккейін қолдау және дамыту үшін «Алтын Шайбайлы» қорына бағытталды.

Ринат Нурахметов, «Altyn Shaibaly» жобасының атқарушы директоры

- Қазақстан хоккей федерациясына жобамыз үшін форма сатып алуға қаржылай көмек көрсеткені үшін шын жүректен алғысымызды білдіргіміз келеді. Мұндай қамқорлық ауылдық жерлердегі балаларға жаңа жабдықта сапалы оқу-жаттығу процесін жүргізуге мүмкіндік береді. Біз қолдауларыңызды бағалаймыз және барлық турнирлер мен жарыстарда абыроймен өнер көрсетуге дайынбыз. Әрі қарай бірлесіп, жеміс жұмыс жасаймыз деп үміттенеміз.

Іс-шара барысында Қазақстанның хоккей федерациясы маусымның үздік ойыншыларын, сондай-ақ төрешілер корпусының үздік өкілдерін марапаттады. Биылдан бастап Вилен Прокофьевтің құрметіне аталым ұйымдастырылғанын айтып өткен жөн. Бұдан былай аталмыш марапатты Қазақстан жастар чемпионатының үздік қақпашысы алады. Жүлденің алғашқы иегері Қазақстан жастар құрамасы сапындағы «Жас Батыр» ойыншысы – Джохар Дударкиев болды.

Qyzdar Hokei Ligasy-ның үздік ойыншылары

Жас ойыншы – София Зубкова («Торпедо»).

Қақпашы – Алина Щёколова («Томирис»).

Қорғаушы – Аида Олжабаева («Айсұлу»).

Шабуылшы – Ольга Широкова («Айсұлу»).

Ең бағалы ойыншы – Мунира Саяхатқызы («Торпедо»).

Jastar Hokei Ligasy-ның үздік ойыншылары

Қақпашы (Вилен Прокофьевті еске алу) – Джохар Дударкиев («Жас Батыр»).

Қорғаушы – Руслан Телғожаев («Жас Батыр»).

Шабуылшы – Роман Строчкин («Жас Батыр»).

Ең бағалы ойыншы – Никита Эрштейн («Торпедо»).

Pro Hokei Ligasy-ның үздік ойыншылары

Жас ойыншы – Даниил Свинтальский («Арлан»).

Қақпашы – Никита Бояркин («Номад»).

Қорғаушы – Фёдор Хорошев («Арлан»).

Шабуылшы – Владислав Дюкарев («Арлан»).

Ең бағалы ойыншы – Дмитрий Гренц («Арлан»).

Үздік бас бапкер – Дмитрий Катаев («Арлан»).

Үздік бас төреші – Владимир Суслов.

Үздік желілік төреші – Нұрлан Алпыспаев.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.