1XBET HOKEI MEIRAMY 2024-ке қатысатын командалар формасын таныстырамыз

22 sáýir
336

Хоккей мерекесіне арнап біз әр команда үшін эксклюзивті ойын формасын дайындадық.

Хоккей мерекесіне арнап біз әр команда үшін эксклюзивті ойын формасын дайындадық. Айтып өтетін жайт, жейделер қазақстандық өндіруші тарапынан хоккей формасын әзірлеудің барлық технологиялық талаптары бойынша тігілді.

Қою көк түстен әзірленген «Qazaqstan» командасының формасында республикамыздың елтаңбасы бейнеленген.

Хоккей майталмандары кеудесінде эксклюзивті түрде әзірленген логотипі бар алтын түсті формамен ойнайды.

«PRO» командасы үшін жейделер мен гетрлер көгілдір түстен әзірленді.

«Astana» ұжымының ойыншылары ақ түсті форма киеді, бұл команданың логотипі алдағы іс-шара үшін арнайы әзірленді.

Барлық жиынтықтарда пайдаланылатын арнайы өрнекті де атап өткен жөн. Байқампаз жандар өрнектен 2024 жылдың қаңтарында атап өтілген қазақстандық хоккейдің 67 жылдығымен байланысты таба алады.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.