Турдың қаһарманы – Илья Румянцев

29 jeltoqsan
1378

ҚХФ баспасөз қызметі PRO HOKEI LIGASY-ның ерекше көзге түскен ойыншылары туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.

Өткен ойын кезеңінің үздік ойыншысы деп «Арланның» жаңа ойыншысы Илья Румянцев танылды. Голкипер командасының өз алаңындағы «Құлагерге» қарсы ойындарында жеңіске жетуіне елеулі үлес қосты (3:2 және 2:0).

Бірінші ойында Румянцев 43 соққының 41-іне тойтарыс берді. Бұл ретте «Құлагер» қақпашыдан шайбасын үшінші кезеңнің ортасына қарай, онда да көпшілікпен өткізе алды. Екінші ойында Илья өз қақпасына жауған 43 соққының барлығына төтеп беріп, алаңнан өз қақпасына шайба өткізбестен кетті.

Екі жеңісінің арқасында көкшетаулық ұжым плей-офф аймағына тұрақтады және қазір турнир кестесінің жетінші қатарын иеленуде.