Арлан жеңіске жетіп, серияда есеп теңестірді

7 sáýir
341

«Арлан» мен «Номад» арасындағы финалдық серияның екінші матчы негізгі уақыттан тыс аяқталды.

Бірінші кезең алаң иелерінің үстемдігімен өтті, бұған осы кезеңдегі қақпаға бағытталған соққылар статистикасы дәлел («Арланның» пайдасына 18-3). Алайда «Номад» қарсыластың тегеурініне төтеп беруге дайын болды. Қонақтар төтеп беріп, екінші кезеңнің ортасына қарай Максим Мусоров бұрыштан соққы жасап, Сергей Кудрявцевті сан соқтырды. Соңғы кезеңнің басында Никита Колобовтың елордалық ұжымның үстемдігін нығайтуға мүмкіндігі болды, алайда шайба соққыдан кейін қақпаның бағанына тиді. Кезеңнің аяқталуына бес минуттан астам уақыт қалғанда «Арлан» Никита Бояркиннің қақпасын аша білді. Владислав Никулин өзінің кері ұшқан соққысын пайдаланып, таблодағы сандарды теңестірді. Онысы финалдық ысқырыққа дейін сақталды.

Овертаймда алаң иелеріне қарсыластың құрамындағы қатарынан екі аластату көмектесті. Және көкшетаулықтар алғашқы артық құрамды ұйымдастыра алмағанымен екінші талпыныс табысты болды. Владислав Дюкаревтің дөп соққысы «Арланға» финалдық сериядағы алғашқы жеңісін әкелді.

«Арлан» - «Номад» 2:1 ОТ (0:0, 0:1, 1:0, 1:0)

0:1 - 30:52 - Мусоров (Борисевич, Бекетаев)

1:1 - 54:15 - Никулин (Хорошев, Шевченко)

2:1 - 71:36 - Дюкарев (Гренц, Оксентюк) ГБ

Қақпашылар: Кудрявцев - Бояркин

«Арлан» - «Номад» сериясындағы есеп: 1-1 (3:4 ОТ5, 2-1 ОТ)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.