Қазақстан чемпионатындағы жұмыс аптасы Өскемендегі матчпен басталды.
«Торпедо» мен «Горняк» арасындағы қарымта кездесу қонақтардың тартысты жеңісімен аяқталды. Матчтың басты қаһарманы Владимир Никитин болды – рудныйлықтардың қақпашысы 53 сейв жасады. Алаң ойыншылары Александр Куршук пен Тимур Шингареевтің соққан голдарымен өз қақпашысына қолдау көрсетті.
Осылайша, «Торпедо» чемпионаттың аралық көшбасшысы атану мүмкіндігін жіберіп алды. Ал «Горняк» «Құлагерді» басып озып, енді турнирлік кестеде бесінші орында тұр.
«Торпедо» - «Горняк» 1:2 (0:1, 0:1, 1:0)
0:1 - 07:09 - Куршук (Гурин, Шингареев)
0:2 - 21:12 - Шингареев (Гурин, Манажанов) ГБ
1:2 - 50:46 - Рахманов (Гатиятов, Быков)
Қақпашылар: Осокин - Никитин
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Arlan
Qulager
Torpedo
Gornyak