Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты екі матчпен жалғасты.
«Номад» «Ақтөбені» тағы да жеңіп, қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізді және лиганың турнир кестесінде жеке-дара бірінші орынға шықты. Тимофей Симонов «көшпенділер» сапындағы алғашқы шайбасын соқса, Александр Мигунов жеңіс голының авторы атанды. Абай Маңғысбаев әріптестеріне екі рет нәтижелі пас берді.
«Ақтөбе» - «Номад» 3:5 (1:2, 0:3, 2:0)
0:1 - 01:06 - Двуреченский (Мерзликин, Симахин)
0:2 - 02:20 - Ситников (Бейсембаев, Маңғысбаев)
1:2 - 08:12 - Зизевских (Шайкенов, Плотников) ГБ
1:3 - 24:58 - Симонов (Сүлейменов)
1:4 - 25:42 - Мигунов (Королёв, Китаров)
1:5 - 39:54 - Макаров (Маңғысбаев)
2:5 - 42:38 - Комаров (Базанов, Хоменко) ГБ
3:5 - 44:08 - Плотников (Трибунский, Шайкенов) ГБ
Қақпашылар: Дубович (Шарипов, 40:00-60:00) - Дударкиев (Шестаков, 44:08-60:00)
«Торпедо» да қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізді. Өскемендіктер өз алаңында өткен тартысты матчта «Горняктан» басым түсті. Шешуші шайбаның авторы Артур Глухих атанса, Сергей Кудрявцев 31 соққыны қайтарды. Рудныйлықтар сапында Тимур Шингареев дубль жасады. Осы жеңістен кейін алаң иелері «Арлан» мен «Сарыарқаны» басып озып, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді.
«Торпедо» - «Горняк» 4:3 (1:0, 3:1, 0:2)
1:0 - 11:28 - Прохоров (Хорошев, Гренц) ГБ
1:1 - 21:42 - Шингареев (Гурин, Юлбарисов)
2:1 - 25:29 - Гусейнов (Мухаметов, Бутенко) ГБ
3:1 - 33:02 - Боровиков (Мухаметов, Колобов)
4:1 - 38:52 - Глухих (Рифель, Рыжий)
4:2 - 56:28 - Кротов (Буйван) ГБ
4:3 - 59:26 - Шингареев (Юлбарисов, Гурин)
Қақпашылар: Кудрявцев - Мейдер
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Arlan
Qulager
Torpedo
Gornyak