Евгений Попихин: «Бүкіл Ташкент бізді қолдады»

2 sáýir
330

«Хумоның» бас бапкері Евгений Попихин 2023-2024 жылғы маусымды қорытындылады.

- Бірінші кезекте жанкүйерлерімізге үлкен рақмет, мұндай орасан қолдауды мен көптен көрмедім! Бүкіл Ташкент бізді қолдады. Мұндай бірлік біз үшін аса маңызды болды, команда да бұл қолдауды сезінді. Жанкүйерлер бізбен болды, соңына дейін сенді, бұл – «я баға жетпес қолдау. Баспасөзге айрықша алғыс айтамын, сіздер де атсалыстыңыздар, қаншама адам ойындарымызға келді.

Маусым бойынша айтарым: біз команданы жасартуға бет алдық және жігіттер төтеп берді. Команда соңына дейін тартысты. Командадан, адамдардан, ойыншылардан жаңылмадық. Биыл команда үш рет ауырды. Соңғысы плей-офф алдында болды. «Номадпен» ойын күні жігіттердің көпшілігі ауырып тұрды, екпе алып, мұзға шықты.

«Сарыарқамен» алғашқы екі ойын плей-офф сериясының бағытын анықтады, бірақ біз еңсеріп шықтық. Өкінішке орай, соңғы ойында есе жібердік, хоккейде ұсақ-түйек деген болмайды, әрбір деталь ойынды бұрып жіберуі мүмкін.

Маусым бойынша, адамдардың қарым-қатынасы бойынша, мен Ташкентке, жанкүйерлерге, баршаға алғыс айтамын.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.