Номад тағы да көшті бастады, Сарыарқа үштікке енді. 28 желтоқсандағы матчтарға шолу

28 jeltoqsan
1563

«Номад» екінші рет «Горнякты» жеңіп, турнир кестесінің бірінші орнына шықты. «Сарыарқа» «Снежные Барсы» командасын ойсырата жеңді. «Арлан» «Құлагерге» қарсы ойында құрғақ жеңіске жетті.

Кешегідей «Номад» пен «Горняк» арасындағы матчтағы негізгі оқиғалар үшінші кезеңде орын алды. «Көшпенділер» тағы да екпін қосып, өз сәттерін жүзеге асырды. Дмитрий Гренц дубль жасады. Осы жеңістен кейін Александр Высоцкийдің командасы чемпионатта бірінші орынға шықты.

"Номад" – "Горняк" 3:1 (0:0, 1:1, 2:0)

1:0 – 21:49 – Королёв (Яковлев, Пелевин) ГБ

1:1 – 39:27 – Власов (Штефан)

2:1 – 45:03 – Гренц (Гурков, Шалапов)

3:1 – 47:43 – Гренц (Комаровский)

Қақпашылар: Каратаев – Нечвиенко

«Сарыарқа» «Снежные Барсы» командасымен екінші кездесуде ойынды овертаймға дейін жеткізбеді. Қарағандылықтар сенімді түрде жеңіске жетіп, жаңажылдық үзіліске кетерде турнир кестесінің үшінші орнына жайғасты. Қарсыластың қақпасын екі реттен Владислав Никулин мен Сергей Голоднюк алды.

"Сарыарқа" – "Снежные Барсы" 8:1 (2:0, 3:0, 3:1)

1:0 – 12:58 – Рахманов (Шинкарецкий, Пономарев)

2:0 – 19:16 – Голоднюк (Аноховский)

3:0 – 27:42 – Шинкарецкий (Зеленков, Сиксна)

4:0 – 32:13 – Никулин ГМ

5:0 – 34:57 – Аноховский (Марков, Голоднюк)

6:0 – 44:55 – Михайлов (Никулин, Попов)

6:1 – 45:50 – Ищенко (Комаров, Сулейменов)

7:1 – 47:51 – Никулин (Михайлов, Безруков) ГБ

8:1 – 56:26 – Голоднюк (Аноховский)

Қақпашылар: Ибрагимов – Амирбеков (Павленко, 32:13-60:00)

«Арлан» «Құлагермен» екінші матчта өз қақпасына шайба жуытпай, күнтізбелік жылды көтеріңкі көңіл күймен аяқтады. Кездесудің басты кейіпкері қақпасына бағытталған 43 соққыға тойтарыс берген қақпашы Илья Румянцев болды.

"Арлан" – "Құлагер" 2:0 (2:0, 0:0, 0:0)

1:0 – 12:20 – Куваев (Черкасов, Александров)

2:0 – 13:54 – Бердников Р. (Гуляков, Куликов)

Қақпашылар: Румянцев – Янков